Абай облысындағы төтенше жағдайға Үкіметтен қаражат әлі бөлінбеді

497

Бүгінде қарапайым халық қолынан келгенше жылу жинап жатыр.

Абай облысындағы төтенше жағдайға Үкіметтен қаражат әлі бөлінбеді Фото: google.com

Абай облысындағы алапат апаттың салдарын өтеуге жұмсалатын шығынның есебі жасалмады. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Сенат кулуарында айтты, деп жазады inbusiness.kz. 

Журналистер министрден Абай облысындағы төтенше жағдайға мемлекет резервінен қанша қаржы бөлінгенін сұрады. 

"Өздеріңіз белгілі, көмек атаулы түрде болды. Ол көмек зардап шеккендердің отбасына арналған. Ал, апаттың салдарын өтеуге кететін шығындарға келсек, әзірге есеп жасалмады. Себебі, өңірдегі өрт толығымен сөндіріліп біткен жоқ. Бұл мақсатта Үкімет тарапынан да, Абай облысынан да резерв бар. Нақты сандары белгілі болған кезде айтамыз, егер қажеттілік болса толық өтейміз", - деді Ерұлан Жамаубаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу