Абай облысындағы Жетіжар ауылында төтенше жағдай жарияланды

400

Ауыл тұрғыны сібір жарасын жұқтырды деген күдікке ілінді.

Абай облысындағы Жетіжар ауылында төтенше жағдай жарияланды Фото: inbusiness.kz

Абай облысы Бесқарағай ауданы Жетіжар ауылының тұрғыны сібір жарасы ауруына шалдыққан деген күдікке ілінді. Науқас ПТР тестінен өткен, алайда ауру расталмады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі жоспардан тыс облыстық комиссияның отырысында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жергілікті ауқымда табиғи төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылданды.

Қазіргі таңда Жетіжар ауылының кіре берісіне санитарлық бекет орнатылып, ауылдан ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаруға уақытша шектеу қойылды", деп жазды облыс әкімдігінен.

Сондай-ақ, жағдайдың себептерін анықтау үшін аудиторлық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, сібір жарасы ауа тамшылары арқылы таралмайды. Жара ауру малдың еті, тері, жүні немене ластанған тағамдар мен ауыз суды ішіп-жеу арқылы жұғуы мүмкін.

Әкімдік барлық аудан тұрғындарын тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу