Абай облысының 101 жастағы тұрғынына жаңа құжат табысталды

129

Алдыңғы құжат берілгеннен бері 10 жыл өтіп, оның мерзімі аяқталған еді.

Абай облысының 101 жастағы тұрғынына жаңа құжат табысталды Фото: бейнеден скриншот

Көші-қон қызметінің қызметкерлері Вера Павловнаның үйіне барып, оған жаңартылған жеке куәлігін табыстады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

"Біз, қарт адамдар, көп нәрсе сұрамаймыз. Тек сәл көңіл бөліп, қамқорлық танытып, құрмет көрсетсе болғаны", – деді қария.

Вера Павловна өз жасына қарамастан, денсаулығының жақсы екенін айтып, қонақтарына да сондай денсаулық тіледі.

Полицейлер болса бұл құжаттың да мерзімі аяқталғанда тағы да кездесіп, жаңа куәлік табыстауға әзір екендіктерін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу