Ауа-райының қолайсыздығына байланысты Абай облысындағы 3 ауданның оқушылары бүгін қашықтан оқыту форматына көшірілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Абай облысында ауа-райының қолайсыздығына байланысты I ауысымдағы:
- Аягөз ауданындағы 12 мектептің 1-11 сынып оқушылары;
- Көкпекті ауданындағы 14 мектептің 1-11 сынып оқушылары;
- Ақсуат ауданындағы 17 мектептің 1-11 сынып оқушылары үшін сабақ онлайн өтеді.
Қалған аудан мен қала мектептерінің сабақтары штаттық режимде болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу