Абай облысының әкімі энергетика саласының мамандарын марапаттады

647

Тәуелсіздік күні, сонымен қатар, энергетиктер күні қарсаңында Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев сала үздіктеріне марапаттарын табыстап, атқарған жұмыстары үшін алғыс білдірді, деп жазады inbusiness.kz облыс әкімшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Абай облысының әкімі энергетика саласының мамандарын марапаттады Фото: Telegram арнасы

Аймақ басшысы энергетика саласының қызметкерлері ел дамуына өлшеусіз үлес қосып жүргенін атап өтті.

“Сіздердің жұмысыңыз – шынайы адал еңбек! Қызметтеріңіз ізгілікке толы. Күннің райы мен мерзіміне қарамастан, үнемі халық игілігі үшін жұмыс жасайсыздар. Кеше де қаламызды жылусыз қалдырмадыңыздар, жұмыс орнында еңбектендіңіздер. Сіздердей жұмысты іспен дәлелдейтін еңбек адамдарына алғысымыз шексіз”, - деді Нұрлан Ұранхаев.

Естеріңізге саламыз, желтоқсанның үшінші жексенбісіне елімізде энергетиктердің кәсіби мерекесі аталып өтеді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу