Абай облысының білім беру мекемелеріне жаңа автобустар берілді

377

Оқушыларға 13 көлік құралы сатып алынды.  

Абай облысының білім беру мекемелеріне жаңа автобустар берілді Фото: Абай облысының әкімдігі

Абай облысындағы білім ошақтарына жаңа автобустар берілді. Меткеп оқушыларын тасымалдауға арналған шағын
автобустар кілті Тәуелсіздік күніне орай мектептерге табысталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Абай облысының әкімдігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқушыларға 13 көлік құралы сатып алынды. 9 шағын автобус және 4 автобус Семей қаласы, Бесқарағай, Абай, Жарма, Аягөз, Бородулиха аудандарына жол тартты.

Жаңа темір тұлпарлар америкалық үлгіде құрастырылған. Газель 13 жолаушыға, шағын автобустар 22 жолаушыға арналған. Автобустар қауіпсіздік белдіктерімен, сөмкелерге арналған сөрелер және бейнекамералармен жабдықталған. Автобустардың есіктері ашық болған кезде автоматты түрде бұғатталады. Мемлекеттік және орыс тілінде айтылатын дыбыстық хабарламалар қосылған. Лизинг арқылы сатып алынған автобустар қосымша мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған көтергіш құрылғылармен және 4 камерамен жабдықталған.

Айта кетсек, бұған дейін облыста жаңа автобустар алынбаған. Келесі жылы тағы 3 газель мен 2 автобус сатып алу жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу