Моңғолияның астанасы Ұланбатыр қаласында 6-8 наурыз күндері құсбегіліктен II Әлем чемпионаты өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты Абай облысының әкімдігіне сілтеме жасап.
Аталған халықаралық жарыста Қазақстан құрамасының намысын 3 спортшы қорғады. Солардың қатарында Абай облысының тумасы, Үржар ауданының бүркітшісі Ерзат Байқадамов жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі II орынды иеленді.
Жарыс қорытындысы:
- 1-орын – Серік Жеңісбек (Моңғолия)
- 2-орын – Ерзат Байқадамов (Қазақстан)
- 3-орын – Бүркітхан Хайзым (Моңғолия)
Айта кетейік, құсбегіліктен I Әлем чемпионаты 2022 жылы Абай облысының Үржар ауданында ұйымдастырылған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу