Абай облысының халқы өрт маңындағы ауылдарға гуманитарлық көмек жөнелтіп жатыр

622

Семей, Курчатов және облыстың 8 ауданының тұрғындары жерлестеріне азық-түлік пен бірінші кезекте қажет болатын киім-кешек жіберіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Абай облысының халқы өрт маңындағы ауылдарға гуманитарлық көмек жөнелтіп жатыр Фото: inform.kz

Абай облысының Бесқарағай ауданы тұрғындары Бородулиха секілді "Семей орманы" резерватына көрші тұрады, ал кейбір ауылдар қарағай орманның ішінде орналасқан.

Сол себепті ауыл тұрғындары апат ортасында қалған адамдардың қандай күйде екенін жақсы түсінеді.

Күндіз 12-де қызыл жалынға оранған аймаққа Бесқарағай ауылынан 10 тонна жүк артқан көлік жолға шықты.

Оған Бесқарағай ауданындағы 25 ауылдың бәрі үлестерін қосқан.

"Бейжай қараған ешкім болмады. Адамдар азық-түлік қабылдауға арнайы жасалған орынға май, макарон өнімдері, ұн, қант, сусындар, сабын мен майлықтарды әкелді. Мұның бәрі қазір Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналып, тілсіз жаумен күресіп жатқан адамдарға қажет. Біздің ауыл да қарағайлы орманда орналасқан, сол себепті Бородулиха ауданының тұрғындарына апат тезірек басылса деп тілейміз. Орман жанында тұратын болсаң барлық жағдайға дайын болуың керек. Сол себепті біз үнемі алдын алу шараларын жүргізіп тұрамыз. Адамдардан қатты қажет болмаса орманға бармауды, ортақ игілігімізді сақтауды өтінеміз", - деп пікір білдірді Бесқарағай ауданының әкімі Талғат Мұратов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу