Абай облысының мектептеріне 13 автобус берілді

1880

Осыған дейін, облыста жаңа автобустар алынбаған. 

Абай облысының мектептеріне 13 автобус берілді Фото: inbusiness.kz

Абай облысының білім беру мекемелеріне жаңа автобустар берілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мектеп оқушыларын тасымалдауға арналған шағын автобустар кілті Тәуелсіздік күніне орай мектептерге табысталды.

“Оқушыларға 13 көлік құралы сатып алынды. 9 шағын автобус және 4 автобус Семей қаласы, Бесқарағай, Абай, Жарма, Аягөз, Бородулиха аудандарына жол тартты. Жаңа темір тұлпарлар америкалық үлгіде құрастырылған. Газель 13 жолаушыға, шағын автобустар 22 жолаушыға арналған. Автобустар қауіпсіздік белдіктерімен, сөмкелерге арналған сөрелер және бейнекамералармен жабдықталған. Автобустардың есіктері ашық болған кезде автоматты түрде бұғатталады”, - делінген ақпаратта.

Бұдан басқа, мемлекеттік және орыс тілінде айтылатын дыбыстық хабарламалар да қосылған.

Әкімдіктің хабарлауынша, лизинг арқылы сатып алынған автобустар қосымша мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған көтергіш құрылғылармен, 4 камерамен жабдықталған.

Еске сала кетейік, осыған дейін облыста жаңа автобустар алынбаған. Абай облысының әкімдігі 2024 жылы тағы 3 газель мен 2 автобус сатып алу жоспарланып отырғанын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу