Абай облысының оқушысы қой шаруашылығын автоматтандыру жобасын ұсынды

443

Жобаның тиімділігі: замануи жабдықтарды пайдалану, жоғары сапа, аз шығын, қожалықтарды автоматтандыру арқылы шаруашылық жұмысын жеңілдету. Мақсаты - Шопан ата төлін көбейту.

Абай облысының оқушысы қой шаруашылығын автоматтандыру жобасын ұсынды Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Абай облысы Аягөз ауданындағы қалалық көпбейінді қазақ мектеп-гимназиясының оқушысы Бекнұр Айдарбек қой шаруашылығын автоматтандыруды ойлап тауып, шаруа қожалығына ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР Оқуөағарту министрлігіне сілтеме жасап.

"Жобада қойшының жұмысын жеңілдету үшін жем, шөп науаға автоматтандырылған жүйе арқылы салынып, су мотор арқылы құйылады. 

Ферманың іші жарық, таза. Қойларды жаю үшін "электроқойшы" құрылғысын ұсынамыз. Құрылғы мобильді, басқа жайылымға апарып орнатуға да болады. 2 га жер сыммен қоршалып, қой сол қорғанның ішінде жайылады", - дейді 8 сынып оқушысы Бекнұр Айдарбек.

Бекнұр жобаны іске асыру кезеңінде қаражаттың жұмсалуын есептеп, экономикалық тиімділігін де көрсеткен, маркетингтік жоспарын жасаған.

"Жазғы, қысқы демалыс кезінде ауылға барып, атама көмектесемін. Шаруашылықта мал бағу, жем-шөп дайындау секілді жұмыс көп. Менің арманым — шаруашылықты автоматтандыруға қол жеткізу, бұл әкем мен атамның жұмысын жеңілдетер еді", - дейді Бекнұр.

Ол "Қой шаруашылығын автоматтандыру" жобасын мамыр айында өтетін фестивальға дайындауда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу