Абай облысының орман қоры аумағында болуға шектеу қойылады

354

Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған құжатта айтылған.

Абай облысының орман қоры аумағында болуға шектеу қойылады Фото: inbusiness.kz

Абай облысының орман қоры аумағында болуға шектеу қою жоспарланып отыр, деп жазады inbusiness.kz.

Облыс әкімдігінің 2022 жылғы 11 қарашадағы "Жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы" № 65 қаулысына өзгерістер әзірленді.

"Абай облысының мемлекеттік орман қоры аумағында жеке тұлғалардың жыл сайын орманда өрт қаупі жоғары кезеңдерде өрт қауіпті маусымда болуына тыйым салынсын", - делінген Абай облысы әкімдігінің қаулы жобасында.

Құжатты көпшілік талқылау 20 қыркүйекке дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу