Абай облысының полициясы өрт кезінде тағы бір адамның жоғалғанын растады

664

Ол 9 маусымнан бері хабарсыз.

Абай облысының полициясы өрт кезінде тағы бір адамның жоғалғанын растады Фото: instagram.com/oo_osa_semey_vko

Абай облысындағы орман өтін сөндіруге кетіп, із-түзсіз жоғалған тағы бір адам іздестіріліп жатыр. Бұл ақпаратты облыстық Полиция департаменті растады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

"Егер сізде С.Н.Архиповтың орналасқан жеріне қатысты қандай да бір ақпарат болса, онда "102" нөміріне немесе жақын маңдағы полиция бөлімшесіне хабарласуыңызды өтінеміз", - делінген Абай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Департамент мәліметінше, тұрғынды іздеу іс-шараларына ведомствоның жеке құрамы жұмылдырылған. Сонымен қатар оның тракторын табу үшін әуеден де шолу жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Абай облысындағы өртте тағы бір адам із-түссіз жоғалып кеткенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу