Абай облысының Жарма ауданындағы әлеуметтік орталық жаңа автокөлікпен қамтылды

Енді аймақтағы ерекше қажеттіліктері бар жандар жайлы көлікпен қатынайды.

Абай облысының Жарма ауданындағы әлеуметтік орталық жаңа автокөлікпен қамтылды Фото: inbusiness.kz

Абай облысының Жарма ауданы Қалбатау ауылындағы аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығына арнайы автокөлік табыс етілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мекеме мүгедектігі бар жандарға қызмет көрсетеді. Сондықтан оларға барынша жағдай жасау өңір басшылығының назарында. Көліктерді сатып алуға облыстық бюджеттен 23 млн теңгеге бөлінді.

"Осы уақытқа дейін 10 жылдан астам тізгінделген көліктің тозығы жеткен болатын. Аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 313 адамға қажетті әлеуметтік қызметтің 8 түрі көрсетіледі. Оның ішінде 268 адам үйде көмекті үйден алса, 45-і жартылай стационарлық күндізгі бөлімшеге барады", – деп хабарлады Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жоспарға сәйкес қызмет алушылар арасында түрлі әлеуметтік-мәдени шаралар өткізіліп тұрады. Арнайы көліктер оларды экскурсияларға, көрмелерге, концерттерге және сауықтыру іс-шараларына апару үшін қолайлы болмақ.

Осылайша, бұл ерекше қажеттіліктері бар адамдардың аудан өміріне толық қатысып, олардың ерекше құндылықтары мен тең мүмкіндіктерінің қалыптасуына септігін тигізері сөзсіз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу