Абай облысының жолшылары күшейтілген жұмыс режиміне көшті

308

Аталған өңірде ауа райы тұрақсыз.  

Абай облысының жолшылары күшейтілген жұмыс режиміне көшті Фото: ҚазАвтоЖол бейнеден скриншот

Республикалық маңызы бар М-38 "Омбы-Майқапшағай" автожолының Абай облысы арқылы өтетін учаскесінде көлік қозғалысына шектеу жоқ, жол ашық, деп жазады inbusiness.kz сайты ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.

Бүгін таңертең сағат 06.00-ден бастап ақ ұлпа қар жауып тұр. Ауа температурасы -15 градусты көрсетуде. Метеорологиялық мәлімет бойынша бүгін басталған қар бір тәулік бойы жаууы мүмкін деп болжанады. Сондықтан, жолшылар күшейтілген режимде жұмысқа кірісті.

Ағымдағы сағатта 828-915 шақырым аралығындағы "Суықбұлақ к.-Қалбатау к.", 587-733 шақырым "Павлодар қ.-Семей қ. шекарасы", 756-828 шақырым "Семей қ. шекарасы -Суықбұлақ қ." учаскесінде қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз ету үшін 75 бірлік арнайы қар тазалау техникасы мен 102 жолшы жұмыс істеп жатыр.

Сондай-ақ, бүгін аталған жолға 600 тонна тұз бен 1000м3 құм себу жоспарлануда.

"Құрметті республикалық маңызы бар автожолдарды пайдаланушылар. Алыс жолға шықпас бұрын, ауа райы туралы мәліметке назар аударыңыздар. Қыстың көзі қырауда, сондықтан сапарларыңызды алдын ала жоспарлауға кеңес береміз", деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу