Абай облысының жұрты Түркия еліне көмектесуге дайын

552

Абай облысының еріктілері Түркияда зілзаладан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинауға кірісті.  

Абай облысының жұрты Түркия еліне көмектесуге дайын Фото: aa.com.tr

Сонымен қатар Абай облысының дәрігерлері Түркиядағы ең ауыр жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендерге көмек көрсетуге дайын екендіктерін білдірді, деп жазады inbusiness.kz.

"Бүгінде облыстың денсаулық сақтау басқармасының басшылығы дәрігерлердің тізімін бекітіп, Үкіметке келісуге жіберді. Дәрігерлер құрамына табиғи апаттар аймағында жұмыс істеуге сұранысқа ие мамандар кірді. Олардың қатарында анестезиологтар, реаниматологтар, хирургтар мен терапевттер бар", - деп жазылған Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сондай-ақ Ұлттық волонтерлер желісі ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің үйлестіруімен Түркия Республикасында жер сілкінісінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинау іс-шарасы басталғанын хабарлайды.

Облыста гуманитарлық көмек Семей қаласы, Абай көшесі, 99 мекен-жайында орналасқан "Birgemiz" өңірлік волонтерлер фронт-офисінде және Абай облысының жастар ресурстық орталығында сағат 9:00-18:00 аралығында (Абай көшесі, 102, байланыс телефоны +7 708 367 7645) қабылданады.

Жиналған гуманитарлық көмек Ұлттық волонтерлік желісі арқылы Қазақстан Республикасындағы Түркия елшілігіне тапсырылмақ.

ҚАЖЕТТІ ЗАТТАР:

  • Көрпелер, ұйықтауға арналған қаптар.
  • Термос, қол шамы, пауэрбанк.
  • Памперстер, жеке гигиена құралдары (гигиеналық төсемдер).
  • Қысқы киім (ересектер мен балаларға, заттар жаңа болуы керек), пальто-курткалар, жаңбырға арналған жамылғы, етік, жемпір, шалбар, қолғап, шарф, қалпақ, шұлық, іш киім және басқа материалдар.

Сондай ақ қаржылай көмек мына реквизиттер арқылы қабылданады:

Заңды тұлғалар үшін:

"Қазақстан Халық Банкі" АҚ

"Ұлттық волонтерлер желісі" ЗТБ

БСН 120940015916

БИК: HSBKKZKX

Р/С: KZ23601A871001005521

Жеке тұлғалар үшін:

Kaspi.kz қосымшасында - Төлемдер - Қайырымдылық бөлімінде: "Ұлттық волонтерлер желісі" ЗТБ Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу