Абай облысындағы мектептердің бірінші ауысымындағы оқушыларға арналған сабақтар қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Облыстық Білім басқармасының хабарлауынша, Абай облысында 2024 жылғы 19 қаңтар күні ауа-райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымда:
- Ақсуат ауданындағы 18 мектептің 1-11 сынып оқушылары;
- Бородулиха ауданындағы 16 мектептің 1-9 сынып оқушылары;
- Көкпекті ауданындағы 18 мектептің 1-11 сынып оқушылары;
- Аягөз ауданындағы 12 мектептің 1-9 сынып оқушылары;
- Бесқарағай ауданындағы 12 мектептің 1-4 сынып, 1 мектептің 1-9 сынып, 2 мектептің 1-11 сынып оқушылары;
- Жарма ауданындағы 7 мектептің 1-4 сынып, 13 мектептің 1-9 сынып, 3 мектептің 1-11 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.
Сонымен қатар, қалған аудан мен қала мектептері штаттық режимде оқитын болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу