Абай шахтасы жабыла ма?

1203

Биыл мамыр айында Қарағанды облысындағы Абай шахтасының жұмысын уақытша тоқтату керектігі туралы сотқа материал жолданған. Бүгін аталмыш шахтада 6 кеншінің қаза болуына байланысты Өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг өткізіп жатқан ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин осындай мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

Абай шахтасы жабыла ма?

Абай қаласындағы шахта жабыла ма? ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинге Қарағандыда өтіп жатқан онлайн брифингіде осындай сұрақ қойылды.

"Бұл мәселе жеке тәртіппен қаралады. Биыл мамыр айында Қарағанды облысы бойынша өнеркәсіп қауіпсіздігі комитетінің ескерту хаты негізінде сот органына аталған шахтаның жұмысын тоқтата тұру қажеттігі туралы материал жолданғанын еске салғым келеді. Материалдардың бәрі тапсырылып, біздің қызметкерлер қорытынды тексеруге шыққаннан кейін экономикалық сот шешімімен кен орнында жұмыс тоқтатуға негіз болатын кемшіліктер жойылғандықтан, жұмысын жалғастыруға рұқсат берілген. Шахтаның әрі қарай жұмыс істеуі ондағы метан қабаттарының, жалпы шахтаның жағдайына байланысты. Сонымен бірге осы оқиғадан кейінгі тексерудің қорытындысына да байланысты", – деді Юрий Ильин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу