Қарағанды облысындағы "Абай" шахтасында қазіргі уақытта құтқарушылар төтенше жағдайдан кейін қазбалардан газ шығару жұмыстарын орындап жатыр.
"Құрамында 12 адамы бар 2 тау-кен құтқару бөлімшесі метан газының кенеттен тарауынан кейін қазбаларды газсыздандыру бойынша жұмыстар жүргізуде.
Апаттық кенжарда атылған тау-кен массасының ұзындығы шамамен 20 метрді құрайды.
Шахтаның басқа жерлерінде ешқандай үйінділер жоқ", - деп түсіндірді Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметтерінің Республикалық орталық штабы Қарағанды филиалының директоры Геннадий Силинский.