Трагедияға 100 пайыз – жұмыс беруші кінәлі. Апаттан кейінгі арнайы комиссия мүшелері осындай ұйғарымға келді. АрселорМиттал Теміртау басшылығы үкіметтік комиссия қорытындысымен келісіп отыр.
Қайғылы оқиғаның себеп-салдарын анықтау үшін Ресей мен Германиядан сарапшылар тартылған. Кінәлілерді анықтау мақсатында тиісті құжаттар Ішкі істер министрлігінің құзретіне тапсырылды.
Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Естеріңізге салайын, 7 қараша күні аталған шахтада метан газы тараған. Дәл сол уақытта 64 кенші болған. Оның 56-сы жер бетіне шығып үлгерді. Ал алтауы оқиға орнында қайтыс болды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу