Өзбекстан мектептерінде Абай шығармалары оқытылады

922

Өзбекстан мектептерінде Абай шығармалары оқытылады

Көрші елдің жастары осылайша ұлы ақынның туындыларын ана тілдерінде оқи алады, деп хабарлайды Хабар 24.

Қазірдің өзінде Өзбекстан мектептерінде оқушыларға ақынның өсиет сөздері үйретіліп жатыр. Ол үшін арнайы сағаттар да бөлінген. "Дегенмен бұл аздық етеді", – дейді ұстаздар қауымы.

"Бұл екі мемлекет үшін де жақсы деп ойлаймын. Өйткені Әлішер Науаиды қазақтар үйреніп жатқанда, біз неге Абайды оқымаймыз. Жастарымызға Абай Құнанбаевтың құнды дүниелерін жан-жақты түсіндіріп, шығармаларымен жақынырақ таныстырып, өсиет сөздері мен мұрасын үйретсек ұтарымыз көп болады", - деді өзбек тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы Хуршида Исмаилова.

Наурызда Өзбекстан президенті Абайдың шығармашылық мұрасын кеңінен зерттеп, насихаттау туралы жарлыққа қол қойған болатын. Қазір Өзбекстан жазушылар одағының мүшелері Абай оқулықтарын аударуды қолға алған. Ғалымдар ақынның бір томдық таңдамалы шығармалар жинағын туған күніне дейін шығаруды көздеп отыр. Тіпті ғылыми топ Абайдың туған жерінде де болып қайтпақ.

"Біз Абайдың жаңа қырын ашып көрсетуге тырысып жатырымыз. Абайдың өр мінезі мен қайратты рухы, өз халқының болашағы үшін күйіп-жанып жазған шығармалары бүгінгі жастардың бойына жігер береді. Ұрпақ санасын байытады. Біз өткенді қадірлесек қана келешекке жаңа күшпен рухани бай болып жетеміз", - деді Өзбекстан жазушылар одағы қазақ әдебиеті кеңесінің жауапты хатшысы Мехмон Исломханов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу