Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мәлім етті.
"Министрлік тарапынан отандық ақпарат кеңестігінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен дамыту бойынша дәйекті жұмыс жүргізілуде. Қазіргі кезде Қазақстанда жаңа екі "Абай ТВ" және "әл-Фараби" телеарналарын ашу мәселесі қарастырылып жатыр", – деген министр "Абай ТВ" арнасы 30 маусымнан жұмысын бастайтынын жеткізді.
"Ол "Қазақстан" ТРК" құрамына кіреді және отандық мәдениет мұрасын насихаттайтын арна болады. Екінші тележоба – "Әл-Фараби" телеарнасы. Ол "Хабар" телеарнасының базасында жұмыс істейді. Арна жаңа оқу жылының қарсаңында ашылады. "Әл-Фараби" телеарнасы оқу-ағарту бағатындағы телевизиялық платформа болады және 6-18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге арналады", – деді Аида Балаева.
Құралай Құдайберген