Барлық өңірлерде кворумға қол жетті, деп жазады inbusiness.kz.
Парламент Сенатындағы тиісті 6 мандатқа барлығы 12 кандидат (әр облыстан 4 адамнан) дауысқа түскен.
Дауыс беру, өзге де сайлау рәсімдері сайлау заңнамасының нормаларына сай өтті.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып:
Абай облысынан:
Байахметов Бақытжан Кәкенқаджаұлы;
Арғынбекова Айнұр Серікпайқызы;
Ұлытау облысынан:
Медебаев Советбек Тұрсынұлы;
Шайдаров Серік Жаманқұлұлы сайланды.
Жетісу облысынан:
Толамисов Амангелді Ғабдылкәрімұлы;
Сарыбаев Ғалиасқар Төлендіұлы;
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Парламент Сенатының депутаттары алты жылға сайланады.