Бұл бағдарлама шеңберінде мамандық таңдауға шектеу қойылмайды. Қазақстандық жоғары оқу орындарында оқитын екінші оқу жылындағы магистранттар үшін 35 шәкіртақы және диссертациялық жұмысын бірлескен ғылыми жетекшілік негізінде жүзеге асыруды көздеген докторанттар үшін 3 шәкіртақы ұсынылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.
Құжаттарды қабылдаудың соңғы күні: 2025 жылғы 25 мамыр.
Магистратураға шәкіртақы алуға конкурсқа қатысу шарттары:
- Қазақстан Республикасының азаматтығы;
- Жас шамасына шектеу жоқ;
- 2025-2026 оқу жылына қазақстандық ЖОО магистратурасының 2-курсына тіркелу;
- Францияның ЖОО-на master 1 немесе master 2 бағдарламасы бойынша қабылданғаны жөнінде шақыру немесе растау хаттың болуы;
- басымдық қос диплом бағдарламалары бойынша білім алушыларға беріледі.
Докторантураға шәкіртақы алуға конкурсқа қатысу шарттары:
- Қазақстан Республикасының азаматтығы;
- жас шамасына шектеу жоқ;
- 2025-2026 оқу жылына диссертацияны бірлескен ғылыми жетекшілікпен даярлауды көздейтін қазақстандық ЖОО докторантурасының 1-курсына тіркелу;
- Францияның ЖОО-на докторантураның 1-курсына қабылданғаны жөнінде шақыру немесе растау хаттың болуы.