Абай және Ұлытау облыстарының ТЖД бастықтары тағайындалды

640

Төтенше жағдайлар министрлігінің бұйрығымен полковник Шапағатов Манарбек Қайыргелдіұлы Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Абай және Ұлытау облыстарының ТЖД бастықтары тағайындалды

Шапағатов Манарбек 1975 жылғы 3 ақпанда Көкшетау облысының Еңбекшілдер ауданында туған. 1995 жылы ІІМ Алматы өрт-техникалық училищесін, 2005 жылы ТЖМ Көкшетау техникалық институтын тәмамдады.  Мамандығы өрт қауіпсіздік инженері.

Құқық қорғау органдарында 1992 жылдан бастап қызмет етеді. Өз қызметін Көкшетау облысының Щучье ауданы мемлекеттік өрт қадағалау бөлімінің инспекторы лауазымынан бастады. Қызмет атқарған жылдары әртүрлі басшылық лауазымда болған. 2015 жылдан бастап Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары лауазымында жұмыс істеген. 

Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып полковник Байыров Есен Әлмұханбетұлы тағайындалды. 

Байыров Есен 1974 жылғы 22 сәуірде Жезқазған облысының Ақадыр ауданында туған. 2005 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, 2011 жылы ТЖМ Көкшетау техникалық институтын тәмамдады. Мамандығы өрт қауіпсіздік инженері.

Құқық қорғау органдарында 1998 жылдан бастап қызмет етеді. Өз қызметін Астана қаласының Мемлекеттік өртке қарсы қызметі № 19 өрт сөндіру бөлімінің кіші инспекторы лауазымынан бастады. Қызмет атқарған жылдары әртүрлі басшылық лауазымда болған. 2020 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары лауазымында жұмыс істеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу