"Абай жастары" бағдарламасына құжат қабылдау басталды

605

"Абай жастары" тұрғын үй бағдарламасына құжат қабылдау басталды, деп жазады inbusiness.kz Семей қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.  

"Абай жастары" бағдарламасына құжат қабылдау басталды Фото: Егемен Қазақстан

Өтініштер Семей қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімінде қабылданады. Мекеменің орналасқан жері – Шмидт 9/1 көшесі, 1 қабат. Құжаттарды қабылдау уақыты – 09.00-12.00.

Құжаттарды қабылдау 22 желтоқсаннан басталып, 2023 жылғы 12 қаңтарға дейін жалғасады.

Ақпаратқа сәйкес, бағдарламаға қатысуға тілек білдірушілердің өтініштерін қабылдау аяқталғаннан кейін құжаттары тексеріледі. Оған 15 күнтізбелік күнге дейінгі мерзім беріледі.

"Өткен жағдайда қатысушыға хабарланады. Егер қатысушы белгіленген уақытта келмеген жағдайда, жергілікті атқарушы орган бағдарламаға қатысуға кезекте тұрған келесі өтініш берушіге беруге құқылы. Тексеруден сәтті өткен жағдайда өтініш беруші сатып алуға лайықты баспана табуы керек. Ол үшін оған 30 күнтізбелік күнге дейінгі уақыт беріледі. Содан кейін 15 күн ішінде өтініш беруші келісімшарт жасауға міндетті. Егер қандай да бір себептермен қатысушы өз міндеттерін орындамаса, әкімдік қатысуға жолдаманы тізімдегі келесі өтініш берушіге береді", - делінген әкімдік таратқан ақпаратта.

Бағдарлама шарттары:

- Жылдық үстемақы - 5%

- Бастапқы жарна - 10%

- Максималды несие беру мерзімі - 19 жыл;

- Максималды несие сомасы - 15 млн тг.

Тұрғын үй бағдарламасына қатысу үшін соңғы 5 жылда өтініш беруші және бірге тұратын отбасы мүшелерінің атында баспана болмауы керек, сонымен қатар Семей қаласында тұрғылықты тіркеуде болуы тиіс. Бұдан бөлек ерлі-зайыптылардың тек біреуі өтініш бере алады. Бағдарламаға мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана кезегінде тұрған 18-35 жас аралығындағы жастар қатыса алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу