Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында өңірлік кәсіпкерлер палаталары ашылды

554

Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында "Атамекен" ҰКП өңірлік өкілдігі жұмыс істейді. Кәсіпкерлер палатасының Х съезінде тиісті шешім шығарылды, деп жазады inbusiness.kz "Атамекен" ҚР ҰКП сайтына сілтеме жасап.    

Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында өңірлік кәсіпкерлер палаталары ашылды Фото: atameken.kz

"ҰКП барлық кәсіпкерді бизнес жұмысының заңнамалық және өзге де нормативтік қағидаларын қалыптастыру процесіне кеңінен қамтуы және тартуы керек. Сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерін бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары туралы хабардар етуі тиіс", – деді Ұлттық палата басқарма төрағасының орынбасары Тимур Нақыпбеков.

Оның айтуынша, өңірдегі филиалдарды құру бизнестің құқығы мен мүддесін қорғаудағы міндеттерін жүзеге асыруда қажет. Бұдан бөлек съезд делегаттары аталған үш облыстағы өңірлік кеңестердің сандық құрамын анықтау мәселесін талқылады.

Ақпаратта көрсетілгендей, Абай және Жетісу облыстарында кеңеске шағын, орта және ірі бизнестің 25 өкілі, ал Ұлытау өңірінде 15 өкілі қосылмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу