Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Сенат депутаттары сайлау өтеді

596

24 тамызда Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау өтеді, деп хабарлайды ҚР Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі.

Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Сенат депутаттары сайлау өтеді

Сенат депутаттарын таңдаушылар – мәслихаттардың депутаттары болып табылатын республика азаматтары жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайлайды.

Парламент Сенатының депутаттарын сайлау таңдаушылардың бірлескен отырысында өткізіледі, отырыс сағат 11.00-де (елорда уақытымен) басталады.

Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауда таңдаушыларды тіркеу сағат 10.00-де (елорда уақытымен) басталады.

Парламент Сенатындағы 6 мандатқа 12 кандидат үміткер болып отыр.

Барлық үш өңірдегі таңдаушылардың жалпы тізіміне 346 мәслихат депутаттары енгізілген.

Дауыс беру күні Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында төмендегі сілтемелер бойынша онлайн байқау сервистері жұмыс істейтін болады.

Сайлау күнінің барысы туралы ақпарат ҚР ОСК телеграм-арнасында жарияланып отырады – https://t.me/electionelection.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу