"Абай жолы" негізінде үстел ойыны жасалды

1344

Авторға үстел ойынын жасау идеясы "Абай жолы" романын оқу барысында келген.

"Абай жолы" негізінде үстел ойыны жасалды Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-оқушысы Томирис Бақыт Мұхтар Әуезовтің "Абай жолы" роман-эпопеясы негізінде Absolutely obsolete үстел ойынын жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Бұл ойын жас буынға бос уақытын қызықты өткізіп қана қоймай, қазақ әдебиеті мен этномәдениетін терең түсінуге көмектеседі. Авторға үстел ойынын жасау идеясы "Абай жолы" романын оқу барысында келген.

"Абай жолының" бірінші томын оқығанда көп сөздер мен салт-дәстүрлерді түсінбедім. Қатарластарымнан сұрастырғанда, оларда да осындай мәселе бар екенін білдім. Сол себепті, шығарманы түсініп оқып, сөздік қорды арттыру мақсатында осындай үстел ойынын жасап шықтым", - дейді Томирис.

Алдағы уақытта ол жетекшісі Бақыт Мекеевамен бірге жобаны жетілдіруді көздеп отыр.

"Роман-эпопеядағы кейіпкерлер мен рулар жайлы бөлім енгізуді жоспарлап отырмыз. Ашып айтқанда, рулас кейіпкерледі анықтайтын, кейіпкерледің шығармадағы рөлін, олар қатысқан оқиғалар жайлы сұрақтар бар карталар қоссақ дейміз", - дейді оқушы.

Absolutely obsolete үстел ойынында қазір 60 карта бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу