Ереван мемлекеттік университеті түркітану кафедрасының меңгерушісі, профессор Александр Сафарянға Қазақстан мен Армения арасындағы мәдени мен білім салалардағы байланыстарды дамытуға, сондай-ақ армян тіліне Абайдың "Қара сөздерін", М. Әуезовтың "Абай жолы" романын және "Қазақ әдебиетінің антологиясын" армян тіліне аударуға үлес қосқаны үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хаты табыс етілді, деп хабарлайды inbusiness.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Ғалым өзінің еңбегін жоғары бағалағаны үшін ризашылық білдіріп, екі халық арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі күшейтуге дайын екенін растады. Ол Ереван мемлекеттік университеті мен Л. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті арасындағы ынтымақтастықты жоғары бағалап, оқытушылармен, ғылыми зерттеушілермен академиялық алмасудағы байланыстарды атап өтті",– деп жазылған хабарламада.