Абай жылы ШҚО-ға не берді?

1398

Пандемия жоспардағы 560 іс-шараның 362-сін қысқартқан. 

Абай жылы ШҚО-ға не берді?

Шығыс Қазақстанда Абайлың 175 жылдық мерейтойың аясында  71 инфрақұрылымдық жоба іске асқан, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Пандемиямен байланысты шектеулер Абай туған өлкеде жоспарланған 560 іс-шараның 198-ін ғана орындауға мүмкіндік берген. Бұл туралы халық алдында есеп берген өңір басшысы  Даниал Ахметов айтты.

"Абай жылында "Абай Әлемі" кітаптар сериясын шығару жалғастырылды, облыс театрларында "Абай", "Жас Абай", "Қара сөздер", "Абай жолы: "Сен өз ойларыңмен бізге ұқсайсың!" спектакльдері қойылды. Семей қаласындағы "Ұлы ақын Абай ұлдарымен" ескерткішінің салтанатты ашылуына Мемлекет басшысы қатысып, абайтанушылармен кездесті. Абай жылының барлық іс-шаралары Абай Құнанбайұлының шығармашылығын сақтауға және насихаттауға, оның идеяларын қазақстандықтардың жаңа буынына патриоттық тәрбие беруде пайдалануға; тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін сақтауға; Семей қаласының туристік инфрақұрылымын және Абай ауданының естелік орындарын жақсартуға бағытталды", - деді аймақ басшысы.

Өз есебінде әкім археологтар Зейнолла Самашев пен Әбдеш Төлеубаев әлемнің 20 елінен ғалымдар тарта отырып, жасаған зерттеулерін де Абай жылының айшықты істеріне қосып жіберді. 

"Шілікті мен Елеке Сазы қорымдарының  "Алтын адам" және "Үржар ханшайымы" артефактілері табылып, "Ұлы Дала алтыны" арнайы экспозициясына біріктірілді" - деді Даниал Ахметов.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу