Абайда 394,3 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысы жүргізіліп жатыр

241

2024 жылы Абай облысында 394,3 мың шаршы метр тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Абайда 394,3 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысы жүргізіліп жатыр Фото: Атырау облысының жедел штабы

Осы жылы өңірде жалпы ауданы 119,3 мың шаршы метр (1328 пәтер) 23 кредиттік үй салынып жатыр. Оның 21-і Семей қаласында болса 2-еуі Аягөз ауданында. Сондай-ақ Семейде жеке инвесторлар есебінен жалпы ауданы 165,2 мың шаршы метр (1984 пәтер) 22 коммерциялық үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр.

"Жеке тұрғын үй құрылысы 109,8 мың шаршы метр (570 үй). Оның ішінде тұрғындар есебінен 56 мың шаршы метр (300 үй) салынып жатыр", – деп хабарлады Абай облысы әкімдігінен.

Бұдан бөлек, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жалпы ауданы 53,8 мың шаршы метр жалға берілетін 896 пәтер сатып алу жоспарланып отыр. Бұған 2024 жылы 13,9 млрд теңге бөлінді.

"Тұрғындардың жалға берілетін үйлердің сапасы туралы көптеген ескертуге жауап ретінде сатып алынатын тұрғын үй құрылысының үлгілік жобасы бекітілді. Осылайша, биыл Абай облысында барлығы 394,3 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысы жүргізіліп жатыр", – делінген ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу