ШҚО Абай ауданында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай "Қансонарда бүркітші шығады аңға" атты республикалық бүркітшілер сайысы басталды, деп хабарлайды altaynews.kz.
Сайысқа 13 облыс пен екі қаладан елуге жуық құсбегі қатысуда. Шараның шымылдығын аудан әкімі Жарқынбек Байсабыров ашты.
Бүркітшілер байқауының ең кіші қатысушысы – 11 жаста. Ерасыл Серікбекұлы құс баптап жүргеніне екі-үш жыл болғанын айтады. Қолына "Шипок" атты қаршығасын қондырған жас құсбегі Нұрсұлтан қаласының намысын қорғап келген. Ол жарыс жолына ертең шығады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу