Абайдың 175 жылдық мерейтойы басталды

2370

Салтанатты шара Нұрсұлтан Назарбаев пен Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтіп жатыр. 

Абайдың 175 жылдық мерейтойы басталды

Былтыр Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке халқымыздың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын атап өту туралы тапсырма жүктеді. Осының ізінше мемлекеттік комиссия құрылып, жалпыреспубликалық жоспар бекітілді. Соған сәйкес, халықаралық, республикалық және аймақтық деңгейде 500-ден астам іс-шара ұйымдастырылатын болды. 

Шара шеңберінде Абай Құнанбайұлының шығармалары 10 тілге аударылып, басылады. 

"Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі жаңғыртылады, Нұр-Сұлтан, Семей қалаларында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізіледі, деректі фильм мен "Абай" телесериалы түсіріледі сонымен қатар республикалық, халықаралық деңгейде театр және музыка фестивальдері ұйымдастырылады.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу