Абайдың әні алғашқы рет жапон тілінде шырқалды

1179

Жапон әншісі Ранка қазақстандықтарды қазақ ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығымен жапон тілінде "Көзімнің қарасы" әнін орындау арқылы құттықтады.

Абайдың әні алғашқы рет жапон тілінде шырқалды

Әлемнің барлық елдеріне тараған коронавирус пандемиясы кезінде ол Қазақстан халқына осы сынақтан сүрінбей өтіп, қалыпты өмірге тез арада оралуын тіледі, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.

Музыкалық композицияның дәстүрлі жапон аранжировкасы "кото" ұлттық шертпелі аспабының дыбысталуымен "Zerosta" продюсерлік компаниясымен жасалды. Әннің сөзін жапон тіліне "Wako" университетінің профессоры Хироки Сакаи аударған. Ол қазақ халқының фольклорлық-мифологиялық мұрасы туралы бірнеше кітаптың авторы, оның ішінде Абайдың "Қара сөздерін" жапон тіліне тәржімалаған.

Ранка  – композитор, жапондық халық және заманауи музыканың орындаушысы, сондай-ақ "Japan Record Awards" музыкалық сыйлығының Гран-при иегері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу