Абайдың барлық поэзиясын жатқа білемін – 96 жастағы қария

1023

Рахила Ержанованың оқуға деген ықыласы әлі де зор.

Абайдың барлық поэзиясын жатқа білемін – 96 жастағы қария

Балқаш қаласында тұрып жатқан кейуана Рахиля Ержанова 96 жасқа келгеніне қарамастан, Абайдың өлеңдерінен үзінділер келтіреді. Қария ұлы ойшылдың барлық поэзиясын жатқа білемін дейді.

Рахила Ержанова 1924 жылы Тасарал ауылында дүниеге келген. Ауыл мектебінде жақсы оқыған. Өкінішке қарай, оған тек бес сыныпты ғана бітіріп, содан кейін жұмыс істеуге тура келген екен. Тұрмысқа шығып, екі баланың анасы атанды. Рахила Ержанова өмір бойы күйеуімен Балқаш көлінде балық аулаумен айналысқан. Бірақ сонысына қарамастан ол оқуға уақыт тауып, балаларының әдебиетке деген сүйіспеншілігін оятты.

"Ол кезде оқи алатын әйелдер аз болатын. Келіндер үй шаруашылығымен айналысуы керек еді. Бірақ менің анам оқуға тырысты, оны бәрінен жасырын жасады. Қазақ ақындарының шығармаларын өте жақсы көрді", - дейді Рахила Ержанованың қызы Баян Аяшбекова.

Қазір қарт ана зейнеткерлікте. Оның 9 немересі және 16 шөбересі бар, олардың барлығы өлең оқиды. Көру қабілетінің нашарлауына қарамастан, Рахила Ержанованың оқуға деген ықыласы әлі де зор.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу