Абайдың мерейтойына арналған шаралардың бірқатары шетелде өткізіледі

2433

Мерейтой аясында барлығы бес жүзден астам іс-шара жоспарланған.

Абайдың мерейтойына арналған шаралардың бірқатары шетелде өткізіледі

Шығыс Қазақстан облысы Ұлы Абайдың мерейтойын шетелдерде де тойлайды, деп хабарлайды altaynews.kz.

Бұл туралы облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы Ирина Смит мәлімдеді. Оның айтуынша, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған шаралардың бірқатары Ұлыбритания, Түркия, Польша, Ресей және Қытай елдерінде өткізіледі.

"Көпшілікке белгілі, мерейтой аясында барлығы бес жүзден астам іс-шара жоспарланды. Оның жиырма төрті шетелде өткізіледі. Сондай-ақ республикалық, облыстық деңгейдегі іс-шаралар да баршылық. Біз барлығына бірдей өңір болып атсалысамыз", – деді Ирина Смит.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу