Өскеменде ұлы жазушы Абайдың мүсіні 300 мың теңгеге сатылайын деп жатыр. Абайдың мүсінімен бірге саудаға Михаэлистің де мүсіні түскен, деп хабарлайды КТК.
Мүсіндерді сату үшін өскемендік тұрғын сайтқа жарнама орналастырған.
Хабарландыруды сайтқа салған адам – мүсінді дайындаған Владимир Самойловтың ұлы екен.
Айтуынша, мүсінші осыдан екі жыл бұрын өмірден өткен екен. Ал мүсінге тапсырыс берген сол кездегі аудан әкімі мүсіншіге сол күйі еңбекақысын төлемепті.
Енді мүсіншінің ұлы Михаэлистің мүсінін 200 мың теңгеге, ал Абайдың мүсінін 300 мың теңгеге сатпақшы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу