Абақтыдағылар да ЖОО-да оқи алады

1528

Абақтыдағылар да ЖОО-да оқи алады

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті мен қауіпсіздігі орташа жазасын өтеу мекемесі арасында жаңа келісімдер жасалды. Енді абақтыда отырғандар алыстан басқару арқылы арнайы курстарда оқып, атаулы сертификаттар алатын болады, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz.

"Жаңа оқыту технологияларын қолдану арқылы пилоттық жобаны іске асыру жұмыстары жүріп жатыр. Қауіпсіздігі орташа "КА-168/2" мекемесі мен университет арасында келісім бекітілді. Жазасын өтеу мекемесінде отырғандарға оқу орны ұйымдастырылған курстар ұсынылып, атаулы сертификаттар беріледі. Қашықтықтан оқыту жүйесін дамыту, сапалы жоғары білім алуға барлығының құқығын теңдестіру, қиын өмірлік жағдайда қалған, бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға тартылған тұлғалар үшін жоғары білімнің қол жетімді болуы үшін жағдай жасалатын болады", — дейді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД КА-168/2 мекемесі инспекторы Шаденова.

Мамандар аталмыш жобаның мақсатын Қазақстан Республикасының білім беру және қылмыстық-атқару жүйесінің құрылымындағы оқу үрдісіне қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану және оларды енгізу мүмкіндіктерін мақұлдау механизмі деп түсіндіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу