Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек онлайн брифингте мәлім етті.
"Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жыл басынан бері бейнебақылау камераларының көмегімен 3,5 мыңға жуық бұзушылық анықталды. Бүгінгі таңда колонияларда 22 мыңнан астам бейнекамера орнатылған, бұл оларда бейнебақылаудан тыс қалған аймақтардың санын толығымен жояды", – деді спикер.
Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде үздіксіз бейнебақылауды енгізу құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге және төтенше жағдайлар мен қылмыстарға жол бермеуге бағытталған.
Бейнебақылау сонымен қатар жеке басын немесе автокөлігін анықтап қана қоймай, оған қоса оператордың аумақты визуалды тексеру арқылы жасалған құқық бұзушылықты анықтауға мүмкіндік беретін жасанды интеллект жүйесіне ие.