Абаттандыру ережесін бұзған астаналықтарға 35 миллион теңгеден астам айыппұл салынды

1970

Абаттандыру ережесін бұзған астаналықтарға 35 миллион теңгеден астам айыппұл салынды

Елорданың тазалығын арттыру мақсатында Астана қ. ІІД жергілікті полиция қызметі жеке және заңды тұлғалардың "Қалалар жәнеелді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін, жасылекпелерді күтіп-ұстау және қорғау, қалалармен елді мекендердіңаумақтарын абаттандыру қағидаларының" орындалу барысын күнделікті бақылауда ұстайды, деп хабарлайды astana.gov.kz.

2017 жылдың басынан ЖПҚ-нің инспекторларымен "Абаттандыру ережелерін бұзу"  ҚР ӘҚК-нің 505 бабын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 2000-нан астам заңды және жеке тұлға тартылды. Оларға 35 303 295 теңге сомасында айыппұл салынды. 

Бекітілген аумақты тексеру кезінде табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері аудандық әкімдік аппаратының мамандарымен бірлесе отырып құрылыс алаңдарын тексеру бойынша жұмыс атқарды. Олар учаскелердің  абаттандыру ережелерінің талаптарына сәйкестігін тексерді.

Осылайша, аталған кезеңдер бойынша "Абаттандыру ережелерін бұзу"  ҚР ӘҚК-нің 505 бабын бұзғаны үшін, атап айтқанда қыс мезгілінде қарды уақытылы тазаламай, көшелерде жүріп-тұруда келеңсіздік тудыратын мұзды оймағаны үшін, құрылыс материалдарының, қоқыстың шашылып, қоршаулардың, құрылыс нысандарының құжаттары, сондай-ақ ауыржүктасығыш көліктерге арналған жуу орындардың болмағаны үшін 130 құрылыс компаниясы  әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 8 576 820 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Бұндай тексеру жұмыстары мердігер компаниялар бойынша да жүргізілуде. Онымен бірге мердігер ұйымдарымен абаттандыру ережелерінің сақталуын  бақылауда ұстайды. Айта кетейік, жыл басынан бері 8 259 160 теңгеге 109 мердігер ұйым жұмысқа тартылды. 

Бүгінде бекітілген аумақ бойынша уақытылы әрі тазалау жұмыстарын толыққанды орындамағаны үшін ЖПҚ табиғатты қорғау қызметкерлі қызмет көрсететін 113 ұйымды (ПИК, ӨК, ЖШС) жауапкершілікке тартты. Олар қала аумағын тұрмыстық қатты қалдықтардан, құрылыс қалдықтарынан, қар, үйінді сияқты қоқыстан тазартпау жағдаяттары бойынша, онымен бірге  үйлердің қасбеттерін таза ұстамағаны үшін (сынған плиткалар мен әйнектер, хабарландыру қағаздарынан тазартылмаған кіреберіс есіктер), қоқыс жәшіктерінің болмауы немесе олардың уақытылы тазартылмауы байланысты жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 5 740 570 теңге.

Қаланың аумағында үйінділердің алдын алу мақсатында Астана қ. ІІД ЖПҚ табиғатты қорғау полициясы қоқыс тастап, қарды тазаламай, бекітілмен аумақта лас суды ағызатын компаниялар мен тұлғаларды анықтау бойынша мақсатты жұмыс атқаруда.

2017 жылдың басынан қарды сыртқа шығаруда ереже бұзған 56 жүргізуші ұсталды. Оларға салынған айыппұлдың мөлшері 907 600 теңге. Бекітілмеген аумақта қоқыс тастағаны үшін 33 жүргізуші ұсталып, оларға 1 508 885 теңге сомасында айыппұл салынды. Сондай-ақ арнайы емес, бекітілмеген аумақта лас суды ағызған 44 жүргізуші ұсталды, оларға салынған айыппұлдың мөлшері 1 169 535 теңгені құрайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу