Абэ: Трамп – сенуге тұрарлық көшбасшы

961

Абэ: Трамп – сенуге тұрарлық көшбасшы

Жапонияның Премьер-министрі Синдзо Абэ АҚШ-тың жаңадан сайланған 45-ші президенті Дональд Трампты сенуге болатын көшбасшы деп мәлімдеді. Бұл туралы Абэ тілшілерге Трамппен болған кездесуден соң айтты, деп хабарлайды "РИА Новости".

"Одақ сенімсіз жұмыс істей алмайды. Кезекті президент болып сайланған Трамптың сенуге тұрарлық президент екеніне көзім жетті", – деді АҚШ пен Жапонияның әскери одағына байланысты Трамптан қандай да бір уәде ала алдыңыз ба деген сұраққа жауап берген Абэ.

Сайлауалды науқаны кезінде Трамп одақтағы міндеттемелерді қайта қарап, Жапонияға артылар салмақты молайтуды қолдайтынын мәлімдеген еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу