Абель Санчес – Головкин салмағын көтеруі мүмкін

797

Абель Санчес – Головкин салмағын көтеруі мүмкін

Геннадий Головкиннің жаттықтырушысы Абель Санчес "Р-Спорт" сайтына берген сұхбатында қазақстандық боксшының алға қойған жоспары, оның жоғары салмақ дәрежесіне көтерілуі, сондай-ақ мүмкін болар қарсыластары жөнінде әңгімеледі, деп хабарлады дереккөзге сілтеме жасаған egemen.kz.

"Головкиннің 18 наурызда өтер жекпе-жегін HBO телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді. Бірақ қарсыласы әлі нақты жауабын бермеді. Дэни Джейкобспен келіссөздер әзірге ойдағыдай жүзеге асып жатыр. Ол орта салмақтағы әлемнің екінші үздік боксшысы болғандықтан бұл кездесу өтеді деген үміттеміз. Жекпе-жек бәлкім Нью-Йоркте өтіп қалар. Бұл титулдарды қорғау жекпе-жегі. Сондықтан да Джэйкобс қаламаса да кездесу өтуге тиіс", – деді ол.

Головкиннің нақты қарсыластары бар ма деген сұраққа: "Меніңше, дәл осы Джэйкобс лайықты оппоненттердің бірі. Сондай-ақ, британиялық Билли Джо Сондерс те тамаша боксшылардың бірі. GGG барлық титулдарының басын біріктіргеннен кейін екінші орта салмаққа көшуге мүмкіндік алады. Ол жақта Головкинмен кездескісі келетін чемпион бар. Салмағын ауыстырғаннан кейін өзінің шама-шарқын анықтайды. Егер ұнап жатса, жартылай ауыр салмаққа да ауысуы мүмкін. Ал ары қарай Андрей Уорд, Сергей Ковалев сынды бірқатар спортшылармен күш сынаса алады", – деді ол.

Сонымен қатар, Сауль Альвареспен кездесу ұйымдастыру жайлы да мәлімдеді: "Шынымды айтсам, бұл тартысты өзім де асыға күтіп жүрмін. Өкінішке орай, бұл біздің келесі жекпе-жегіміз емес. Егер де бұл жүзеге асып жатса, бокс тарихындағы үздік бәсеке болары сөзсіз. Әлем мұндай айқасты бұрын-соңды көрмеген болар еді", – деді Санчес.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу