Абель Санчес Головкиннің жарақат алғанын растады

538

Абель Санчес Головкиннің жарақат алғанын растады

Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес шәкіртінің Дэниэл Джейкобсқа қарсы кездесуінде жарақат алғанын растады, деп хабарлайды vesti.kz.

"Головкин Джейкобспен өткізген кездесуден кейін шамалы мазасы болмай тұрды. Өйткені ол 12 раундтық кездесу өткізді ғой. Мен мұны негізі бірінші күні киім ауыстыратын бөлмеде байқаған жоқ едім. Әдетте жарақат жекпе-жектен екі не үш күн өткеннен кейін байқала бастайды. Бірақ мен оны тексерген жоқпын. Біз Головкинмен бірге ұзақ уақыттан бері жұмыс істеп келеміз. Сондықтан оның жарақаты ауыр болатын болса, бірінші кезекте, ол маған айтар еді. Алайда Головкин шағым айтатын боксшылардың қатарынан емес. Бұл – жекпе-жектен кейінгі болатын кішігірім жарақат. Себебі жекпе-жек қиын болды", – дейді Санчес Yahoo! Sports порталына берген сұхбатында.

Айта кетейік, мұның алдында орта салмақта WBO тұжырымындағы әлем чемпионы Билли Джо Сондерстің промоутері Фрэнк Уоррен екі боксшының командасы арасындағы келісімшарт Головкиннің жарақат алуына байланысты созылып жатқанын айтқан еді. Бірақ ол кезде Санчес бұл ақпаратты растамады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу