Абхазия президенті Рауль Хаджимба отставкаға кетті

702

Мұндай қадамға республика басшысы елдегі тұрақтылықты сақтап қалу үшін барып отыр. 

Абхазия президенті Рауль Хаджимба отставкаға кетті

Абхазия президенті Рауль Хаджимба өз өкілеттігінен бас тартты. Оның жазып кеткен өтінішін елдің бұрынғы премьер-министрі Сергей Шамба президенттің мемлекеттік саяжайында жария етті. 

Абхазияның вице-президенті Аслан Барцицтің айтуынша, Хаджимба отставкаға кету туралы құжатқа елде қантөгісті болдырмай, тұрақтылықты сақтап қалу үшін қол қойған. 
Енді заң бойынша, оның өтінішін ел парламенті қабылдауы керек. 

Айта кетейік, Хаджимба билікке 2014 жылы келген, 2019 жылдың қыркүйек айында екінші мерзімге қайта сайланған болатын. Әзірге мемлекет басшысының міндеттемелерін премьер-министр атқаруы мүмкін. 

Естеріңізе сала кетейік, 9 қаңтарда Сухум қаласында ереуілшілер наразылықтарын білдіру үшін көшеге шығып, артынан президент әкімшілігінің ғимаратына баса-көктеп кірген болатын. Олар республика басшысының отставкасын талап етті. Көп ұзамай 12 қаңтарда вице-президент Аслан Барциц президенттің қызметінен кеткенін мәлім етті. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу