Абхазияда халық наразылығынан соң президент отставкаға кетті

139

Абхазия парламенті Бжанияның отставкаға кетуін 19 қарашада қарайды. 

Абхазияда халық наразылығынан соң президент отставкаға кетті Фото: пятый канал

Өзін-өзі жариялаған Абхазия республикасының президенті Аслан Бжания мен премьер-министр Александра Анкваб оппозицияның қысымымен отставкаға кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Аслан Бжания билік пен оппозиция арасындағы көп сағаттық келіссөздерден кейін қызметінен кетті. 

"Елдегі тұрақтылық пен конституциялық құрылысты сақтау үшін Абхазия республикасы Конституциясының 65-бабына сәйкес мен Абхазия республикасының президенті қызметінен кету туралы өтінішімді беремін", – делінген Бжания қол қойған құжатта. 

Тараптар қол қойған келісімге сәйкес, Бжания отставкаға кету туралы өтініш береді. Ал оппозиция жақтастары наразылықтар кезінде басып алған үкіметтік ғимараттар кешенін тастап кетеді. Осы тармақты орындамаған жағдайда Бжания отставкаға кету туралы өтінішін қайтарып алады.

Бұған дейін келісімге қол қойғандардың бірі "Абхаз халықтық қозғалысы" ұйымының жетекшісі Адгур Ардзинба келіссөздер нәтижесінде Бжания отставкаға кетуге келіскенін айтты. 

Абхазия парламенті Бжанияның отставкаға кетуін 19 қарашада қарайды. Вице-президент Бадра Гунба мемлекет басшысы ретінде әрекет етеді. Абхазия парламентінің бұрынғы төрағасы Валерий Бганба премьер-министр болып тағайындалды. 

"Қазіргі министрлер Абхазия республикасының жаңадан сайланған президенті қызметіне кіріскенге дейін өз міндеттерін атқарады", – делінген құжатта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу