Әбиба Әбужақынова 2028 жылға дейін күйеуге шықпайтынын мәлімдеді

1073

Париж Олимпиадасында сүрінген қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова келесі Олимпиадаға тыңғылықты дайындалатын болды, деп жазады inbusiness.kz сайты KAZINFORM агенттігіне сілтеме жасап.

Әбиба Әбужақынова 2028 жылға дейін күйеуге шықпайтынын мәлімдеді Фото: olympic.kz / sarbaz.kz

Ол алдағы төрт жылда отау құру деген тақырыпты уақытша ысыра тұрам дейді. Басты мақсат – Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарында топ жару.

Егер Парижде жүлде алғанда ол спорттағы мансабын аяқтар еді.

"Арманым – Олимпиаданың медалін алып, қазақ спортының тарихын жаңарту. Осы Олимпиадада сол арманым орындалғанда міндетті түрде болашақ жарымды тауып, тұрмысқа шығып, бесігімді тербетіп үйде отырғым келген. Осы жолы жеңіліп қалғаннан кейін ол ойымнан айнып қалдым. Қазір жігітім де жоқ. Егер мені түсініп, 2028 жылғы Олимпиадаға дейін күтемін деген азамат болса, тұрмысқа шығуға дайынмын", – деді ол.

Еске салайық, Әбиба Әбужақынова үшінші орын үшін болған белдесуде Швеция дзюдошысынан жеңіліп қалды. Жарыс барысында ол алдымен қолынан, артынша аяғынан жарақат алған. Соған қарамастан соңына дейін күресті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу