Парижде өткен Олимпиада ойындарында 48 келі дейін салмақ дәрежесінде күресіп, 5 орынға табан тіреген Абиба Әбужақынова жеке өміріне қатысты маңызды сұраққа жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Дзюдошы қыз олимпиадада соңғы белдесуінде жеңіліс тапқан соң келесі олимпиадаға дейін тұрмысқа шықпайтынын нақты айтқан еді.
"Иә, олимпиадада жеңіліп қалған соң Лос-Анджелес олимпиадасына дейін тұрмысқа шықпаймын деп ашуланып айтқанмын. Бұл туралы әлі ойланып көремін", - деді Абиба Әбужақынова.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу