"Күйеуге шықсам": Назым Қызайбай жеке өмірі туралы айтты

3261

Боксшы Олимпиададан кейін демалыста жүргенін айтты. 

"Күйеуге шықсам": Назым Қызайбай жеке өмірі туралы айтты Фото: бейнеден скриншот

Назым Қызайбай Sport+ Qazaqstan YouТube арнасына берген сұхбатында алғаш рет жеке өмірі туралы әңгіме өрбітті, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

“Айналамда жақсы жігіт көп болса да, жүрегім бос. Өзімнің адамым дейтін жігітті әлі кездестірмедім. Әлеуметтік желіден де жазатындар бар. Бірақ көбіне жауап бермеймін. Жігіттің бойынан мынадай қасиет көргім келеді деп айта алмаймын. Екі жас бір-бірін ұнатып, сөз жарастырса, әрі қарай бәрі үйлесіп кетеді деп ойлаймын. Ең бірінші, мінезі жақсы болып, мені сыйласа болғаны. Дәл қазір де маған “күйеуге шық, спортты таста” деп айтатындар бар. Қай уақытта пешенеге жазылады, сол кезде тұрмыс құрасың. Қазір жігіт туралы ойлап жүрген жоқпын. Олимпиададан кейін демалыс берген. Соны қызық етіп өткізуге тырысамын. Бірақ танысуға да ашықпын. Ешкімнен қашпаймын”, – деді боксшы.

Спортшы қыз той жасап, ақ көйлек кигісі келмейтінін жасырмады.

“Бізде ақша болмаса, несие алып той жасай береді. Соған өз басым қарсымын. Неке қидырып, жақындарыңмен ғана атап өткен дұрыс. Ақ көйлек кимедім, той жасамадым деп өкінбейтін қыздардың қатарынанмын. Жігіт отбасы болуы үшін өзі аяққа тұруы керек. Ақшасына мән бермеймін. Ата-анасына салмақ салмауы керек. Абибаның қалыңмалын айтып, бүкілі шулап кетті. Ол қызда қола медаль жоқ болса да қалың малы бес миллион теңге. Менікі одан көптеу болады”, – деп әзілдеді Назым.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу