Әбіләзов өмір бойына бас бостандығынан айырылды

1571

Әбіләзов өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Жамбыл облыстық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында бірнеше айлар бойы экс-банкир Мұхтар Әбіләзовтың кісі өліміне қатысты ісі қаралып, бүгін сот үкімі шықты. Үкімге сай, Мұхтар Әбіләзов кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Айта кетейік, осыдан 14 жыл бұрын, яғни, 2004 жылдың 19 желтоқсанында Жамбыл облысы, Қордай ауданы аумағында аңшылық барысында бұрынғы "ТұранӘлемБанк" АҚ төрағасы Е.Тәтішевті өлтіруге тапсырыс берді деген айып тағылған М.Әбіләзовтің ісіне байланысты біреше куәгердің сөзі тыңдалған болатын. Ол бұрынғы әріптесі М.Тоқмәдиге Тәтішевті өлтіру үшін 4 миллион АҚШ долларын ұсынған. Мұны М.Тоқмәдидің өзі мойындап, куәлік еткен болатын.

Сонымен, Жамбыл облыстық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының 27.11.2018 жылғы үкімімен М.Әбіләзов жасалған қылмысқа айыпты деп танылып, ҚР ҚК-нің 28-бабының 3, 96 және 2-бөлімінің "ж,з" тармақшалары бойынша өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Әзірге сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Бір қызығы, сот үкімімен сондай-ақ, қылмыскерге жазасын өтеп шыққаннан кейін 3 жылға дейін банк саласында қызмет етуге тыйым салынды. Әлбетте, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған адамға қатысты бұл үкімнің біршама түсініксіз көрінері хақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу