Жағынан жаңылған депутат Серікқали Брекешевке қойған сауалын Асқар Шәкіровке бағыттады.
"Құрметті Асқар Оразәліұлы, сізге қояр сұрағым бар...", – деді депутат мінберде тұрған министр Серікқали Брекешевке қарап.
Әбілдаевтің Брекешевті білмейтінін түсінген Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин: "Асқар Оразәліұлы кетіп қалды, ол басқа заң жобасы бойынша келді, бұл Серікқали Аманғалиұлы", – деді.
"Ұялған тек тұрмас" демекші, Азамат Әбілдаев сасқанынан күліп, қолындағы қағазын "төңкеріп" тастады.
Нақтылайық, бүгін мәжілістің жалпы отырысында Сенат төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров "Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы" заң жобасы туралы сөз сөйледі. Ал Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заң жобасы бойынша баяндама жасады.